Агенттік шығысы кірісінен көп шенеуніктерге тексеру жүргізілетінін хабардады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов жемқорлықпен күресу үшін шенділердің шығысын есептеуді бастайды.
«Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Онда революциялық жаңалықтардың бірі – негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу. Заң жобасын Парламентке енгіздік. Шығыстардың кірістерден асудың өзі – бұл қаржылық тексеруді немесе тергеуді бастап кету үшін белгі», –деп хабарлады Ахметжанов агенттіктің брифингінде.
2018 жылы Қазақстан қол қойған шоттар жайлы ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім Шетелдегі активтерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Келесі қадам – активтерді қайтару. Биылғы жылы бізге жемқорлардың көлеңкелі кірістерін шетелдік шоттарға шығарумен күресу үшін тиімді негіз болатын еуропалық конвенцияларға қосылу көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баюды мақсат етіп келуден айырады», – деп сендірді Ахметжанов.
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін санкциялар күшейтілді. Парақорлық үшін санкциялар 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Одан көп уақытқа тек қылмыскерлер мен педофилдерге ғана санкция береді. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алынып тасталды», – деді агенттік басшысы.