Елімізде 2022 жылдың алғашқы жартысында жаңа туған сәбилердің өлімі 7%-ға артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқызы үкімет отырысында айтты.
«Елімізде нәрестелердің өлімі жоғары күйінде қалып отыр. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда биылға көрсеткіш 6,5%-ға жоғары», – деді министр.
Оның айтуынша, сәбилер өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші Шымкентте тіркелген, мың балаға шаққанда – 13, 58 өлім, сондай-ақ Қостанайда да мың балаға шаққанда – 12,58 өлімнен тіркелген.