arasha.kz

Елбасы азық-түлік тапшылығы туралы айтты

Елбасы әлеуметтік инфрақұрылымға баса назар аударуға шақырды. Ол алдағы жылдары дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар нарығын құру  қажеттігін атады.

Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

«Азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіп саясаты. Азық-түлік тапшылығына жол бермей, бүкіл кеңістікте бизнесті дамытуға жағдай жасау керек. Біздің одақтың аумағында халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін барлығы бар. Тек соны дұрыс жоспарлап, кооперациялап, дұрыс байланыстырып, біздің аумақта бар дүниені басқа елдерге жеткізу керек. Азық-түлік тапшылығын біз жуық арада міндетті түрде сезінеміз», – деді  ЖЕЭК құрметті төрағасы.
Назарбаев бұл ретте сыртқы байланыс маңызды рөл ойнайтынын атап өтті.

Exit mobile version