Белгілі олигарх, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың ағасы Аманбек Құлыбаев дүние салды, – деп хабарлайды «Араша» порталы Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа және оның жақындары мен туыстарына ағасы Аманбек Алтынбекұлы Құлыбаевтың қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Тимур Құлыбаевтың отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.