Нұр-Сұлтан қаласында саясаткер Рысбек Сәрсенбай мен қаңтар оқиғасында қаза тапқандар мен сотталғандардың туыстары қамауға алынды, деп жазды «Власть» басылымы.
«Біз қазір ауруханадамыз, жедел жәрдеммен травмотология бөліміне келдік. Екі әйелміз. Қолымызды қайырып, зақымдап тастады. Тағы бірінің қолын сындырды. Екі қызметкер біздің қасымызда жүр. Астанаға кеше келгенбіз. Балаларымыздың ақталуын талап 20 адам жүрміз. Бүгін бізге ештеңе түсіндірместен қамауға алды. Бізге Рысбек Сәрсенбай келген, оны да ұстап әкетті. Ұсталғандарды Сарыарқа мен Алматы аудандарының полиция бөліміне әкетті», – дейді азаматтық қоғам белсендісі Сания Түнғатарова.
Сондай-ақ, саясаткер Рысбек Сәрсенбайдың елордаға қаңтар оқиғасында туыстары қаза тапқан немесе істі болып жатқан әйелдерді қолдауға келгені айтылады.
Сурет: vlast.kz/©Тамара Вааль.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024