Еліңе қайтқың келсе 5-10 мың доллар төлейсің. Еңбек құлдығында отырған қазақстандықтардан шетел алаяқтары осындай сома талап етеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі айтты.
Ведомство Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болғандарды қайтару үшін тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді. Әзірге мұндай өтінішпен министрлікке екі азамат жүгінген. Тексерілмеген ақпараттар бойынша халықаралық-криминалдық топтардың қолында басқа да отандастырымыз болуы мүмкін, дейді.
Бұған дейін «алтын үшбұрыш» деп аталатын жерден 8 қазақстандық елге жеткізілген. Ол жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ болғандықтан, тұтқында отырғандарды анықтау қиын, деп жазады qazaqstan.tv.
«Жұмыстан бас тартқан жағдайда, азаматтарды басқа ұқсас қылмыстық компанияларға 5-7 мың долларға сатып жібереді. Бұған қоса, зорлық-зомбылықпен, психикалық қысым, тамақ бермеу және тағы басқа әдістермен қорқытады. Қазақстанның Таиланд және Вьетнамдағы елшіліктері осы мәселені толық шешу мақсатында Таиландтың, Лаостың және Мьянманың құқық қорғау органдарымен және сыртқы саяси ведомстволарымен тұрақты байланыста. Сондай-ақ, бұл процеске Таиландтағы халықаралық үкіметтік емес ұйым да жұмылдырылған», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Министрлік ақпаратынша, алдын-ала сөз байласқан халықаралық қылмыстық топтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Таиланд аумағында орналасқан компанияларға жұмысқа шақырады. Бірақ межелі орынға жеткенде түрлі желеу айтып, Мьянма аумағына әкетеді, дейді Ресми өкіл. Сонымен бірге, олар көбіне құзырлы органдарға хабарласпайтынын жеткізді.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024