arasha.kz

Енді дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

Қазақстандық дәрігерлерге науқастарды емдеуден бас тартуға мүмкіндік берілуі мүмкін. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің құқықтарын кеңейтетін заң жобасын жасап жатыр. Жаңа заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланып, кеңінен талқылануда.

ZTB желілік басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, құжатта дәрігерлер медициналық ұйым басшысының келісімімен науқасты өз бақылауынан немесе емдеуден бас тарта алатыны жөнінде жазылған. Олар науқасты емдеуден үш шарт бойынша бас тарта алады:

– егер науқасты басқарудан бас тарту оның өміріне қауіп төндірмесе;
– егер емдеу жүргізуден бас тарту басқалардың денсаулығына қауіп төндірмесе;
– егер емдеу жүргізуден бас тарту әкімшілік басқарманың лауазымды адамымен келісілген болса;

Министрлік мұның бәрін медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының жиілеп кеткенімен байланысты болып отырғанын түсіндірді. Олардың айтуынша қаңтар оқиғалары кезінде медициналық ұйымдарға шабуыл жасалып, көптеген бұзақылық жағдайлар тіркелген.

Exit mobile version