arasha.kz

ЕО Украина мен Ресей арасындағы соғыстың 1 жылға созылуына орай саммит өткізбек

Еуропалық одақ Ресейдің Украинаға басып кіруінің 1 жыл болғанына байланысты 22 ақпанда Стамбұлда саммит өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды түркиялық БАҚ ЕО Өкілдігінің басшысы Николаус Майер-Ландрутқа сілтеме жасап.

BBC Russian ақпараттық агенттігінің телеграм каналында жазылғандай, оның айтуынша, кездесуде соғыстың геосаяси және экономикалық салдары талқыланады. Дипломат атап өткендей, айтулы іс-шараға Украина үкіметі мен Түркия өкілдері шақырылады. Нақты кімдер екені әлі белгісіз.

«Бұл – сонымен қатар Украинаға қолдау көрсетудің әдісі. Өткен жылдың 24 ақпанында Еуропа тарихындағы шешуші сәт болды, біздің континентте соғыс, қатыгез үлкен соғыс жүріп жатыр, оның салдары Еуропа континентінен әлдеқайда асып түседі», – деді Майер-Ландрут журналистермен кездесуінде.

Exit mobile version