Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
Ақтөбе облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы бүгін сағат 14:00-ге бекітілді.
Күн тәртібіне Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.
Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлға екі кандидат келді. Олар – Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәслихат депуттаттарына екі кандидатты таныстырып, кейін олар өз бағдарламасын ұсынды.
Кандидат Ералы Тоғжанов облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсетішін арттырып, кадр дайындау жұмысына баса мән беретінін айтты.
Сонымен бірге туристік әлеуетті дамыту жобаларын ұсынды. Әрі өңірде автомобиль жолдары сапасын жақсарту жобасын айтты.
Кандидат Асхат Шахаров та жол, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласын дамыту жолын ұсынды. Қала әкімі қызметіндегі Асхат Шахаров екі жылда шаһарда бірқатар іс қолға алынып, сәтті іске асқанын баса жеткізді.
Кейін дауыс беруге кезек келді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Ералы Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы Асхат Шахаровты таңдады.
Осылайша Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, ол 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Сурет: t.me/KZgovernment
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024