12-10-19 |
2320 рет қаралған
Ерболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қаза болды.
Ерболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қаза болды

Белгілі әнші, «Найнти уан» тобының продюсері Ерболат Беделханның ата-анасы жол апатынан қаза болды. Бұл туралы марқұмдардың туыстары әлеуметтік желіде хабарлады. Хабарға қарағанда, қайғылы оқиға Теміртау-Қарағанды тасжолында болған.

Ерболат Беделханның ата-анасы да өнерлі жандар болған. Олар отбасылық дуэт болып, әртүрлі іс-шараларда өнер көрсеткен. Балалары Ерболат пен Есболат «Орда» тобын құрып, елге белгілі болған өнерпаздар. Кейіннен «Орда» тобы тарап, Ерболат Беделхан «Найнти уан» тобын құрды. Бұл топ жаңашылдығымен көзге түсіп, қазақ жастарының арасында кеңінен танылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.