Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған АӨСШК-тің VI саммитінде Украинадағы жанжалды реттеуге шақырды. Түркия басшысы әділ бейбітшілікке дипломатия арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Оның айтуынша, Түркия мен БҰҰ-ның соғыстың келеңсіз зардаптарын жоюға күш салуы бүкіл әлемде мойындалды.
«Соғыста жеңімпаздар жоқ және әділ әлемде жеңілгендер де жоқ. Екінші жағынан, БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жоюға бағытталған қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлемде мойындалды» – деді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған.
Сондай-ақ, Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттау туралы Стамбул келісімі, өткен айдағы тұтқындар алмасу осы бағыттағы нақты жетістік екені айтылды.
«Біздің мақсатымыз алаңдағы барлық қиындықтарға қарамастан, қарқынды сақтау, қантөгісті тезірек тоқтату», – деді Ердоған.
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтіп жатыр.
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. 13 қазанда оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
19.11.2024