25-08-22 |
1440 рет қаралған
Фермерлерге бөлінген ақшаны ұрлағандар сотталды.
Фермерлерге бөлінген ақшаны ұрлағандар сотталды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидияларды ұрлау фактісін анықтағандарын мәлімдеді.

«Шығыс Запад» ЖШС директоры Нетесов А.А., сонымен қатар Әнуарбеков Ж.А. және Асанов Д.М., 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшыларын алдап, 161 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

«Мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық субсидия ретінде бөлген ақшасы келесі схема бойынша ұрлық нысанасына айналды: олар фермерлерге өздері хабарласып, олардың атынан өтініштер мен қаржылық құжаттарды толтырған, оларда жайылымдық суару үшін жеткізілген техниканың бағасы екі есеге көтеріліп, айырмасы ұрланған.
Сот бұл іс бойынша барлық айыпталушыларды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды және сот залында қамауға алынды», – делінген ведомство хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.