30-09-22 |
1400 рет қаралған
Финляндия ресейліктер үшін шекараны жапты.
Финляндия ресейліктер үшін шекараны жапты

Финляндия жұма күні Ресеймен шекаралас Еуропалық Одақ елдерінің арасында соңғы болып ресейлік туристер үшін шекараны жапты, деп хабарлайды ел Үкіметі.

Ал Польша, Литва, Латвия мен Эстония 19 қыркүйектен бастап ресейліктердің келуіне шектеулер енгізді.

«Финляндия үкіметі ресейлік туристердің Финляндияға кіруін айтарлықтай шектеу туралы қаулы шығарды. Кіруге шектеулер 2022 жылғы 30 қыркүйекте сағат 00:00-де күшіне енеді және одан әрі қолданылады», – делінген фин министрлер кабинетінің хабарламасында.

Inbusiness.kz сайтының жазуынша, шектеулер шенген шекара кодексіне негізделген, оған сәйкес үшінші елдердің азаматтарының кіруі мемлекеттік саясатқа, ішкі қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына немесе кез келген мүше мемлекеттердің халықаралық қатынастарына қауіп ретінде қарастырылмауын талап етеді.

Хельсинки мұндай шешімді Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы және «Еуропадағы қауіпсіздік жағдайын өзгерткен» ішінара мобилизация салдарымен түсіндіреді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.