06-01-23 |
1510 рет қаралған
Гарри ханзада Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүргенде 25 адам өлтірген.
Гарри ханзада Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүргенде 25 адам өлтірген

Британдық ханзада Ауғанстанда қанша адамды мерт қылғанын естілік кітабында жазған. Кітап жақында жарық көреді, деп жазды Zakon.kz.

Ұлыбритания ханзадасы Гарри Ауғанстанда қызмет еткен жылдары 25 адамды өлтіргенін мойындады, деп жазды Sky News.

Ханзаданың «Spare» естелік кітабы 10 қаңтарда шығады деп жоспарланған, алайда кейбір басылымдар кітаптан үзінді жариялай бастады. Гарридің мемуары «король отбасының ашу-ызасын тудыратыны» айтылып жатыр.

«Мен жаудың қанша жауынгерін өлтіргенімді әрқашан дәл айта алатынмын. Сонымен ол сан – 25. Бұл мені қанағаттандырмады, дегенмен ұялған да жоқпын», – деді Ханзада Гарридің «Spare» кітабынан үзінді.

Британдық ханзада 10 жыл әскерде болып, Ауғанстанда екі мерзім қызмет етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.