Жетісу облысы прокуратурасының бастамасымен енгізілген Жол картасын іске асыру кезінде Көксу ауданы Балпық би ауылында газды қосу құнын 370 мыңнан 170 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік туды.
Ведомствоның мәліметінше, Мұқры ауылында өткізгіш құбыр тартылып, 151 үй табиғи газға қосылды. Аудан орталығында балалар алаңдарын абаттандыру аяқталды.
«Халықпен кездесуде бізге дәл қазір халықты не толғандыратынын білдік. Сондықтан облыс әкімдігімен бірігіп Жол картасын бекіттік, онда тұрғындар айтқан мәселелерді шешу мерзімдері көрсетілген», – деді облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.
Жол картасы аудандық ауқымда әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың жеке мәселелерін қамтиды.
Жол картасы іс-шараларының орындалуын бақылауды жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларынан тұратын Ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады. Мұндай тәжірибенің тиімділігі қазірдің өзінде оң нәтиже берді. Мысалы, Сарқан ауданының Қазыбаев ауылында медициналық пункт болмаған, көрсетілген мәселені Жол картасына косқан соң аудан әкімдігімен блокты-модульдік пункт орнатуға бюджеттік өтінім қорғалған және оны орналастыру 2023 жылға жоспарланған.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024