15-08-19 |
1240 рет қаралған
Гонконгтағы наразылық: Трамп Си Цзиньпинді жеке кездесуге шақырды.
Гонконгтағы наразылық: Трамп Си Цзиньпинді жеке кездесуге шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай президенті Си Цзиньпинді «жеке кездесуге» шақырды. Ол Қытай басшысымен Гонконгтағы саяси дағдарыс туралы сөйлескісі келетінін өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Трамп Си Цзиньпиннің Гонконг мәселесін гуманистік жолмен шешетініне еш күманданбайтынын жеткізген. Ол «күмәнім нөл» деп отыр.

Сондай-ақ ол наразылықты әлі жалғасып жатқан сауда шиеленісіне қатысты АҚШ пен Пекин арасындағы сауда келісімімен байланыстырды.

«…желтоқсанға дейін үзіліс. Негізі бұл бізден көрі, оларға тиімдірек, бірақ жауап болады. Қытайда басқа тарифтен тыс елдер миллиондаған жұмыс орнын жоғалтуда. Мыңдаған компаниялар кетіп жатыр. Әрине, Қытай келісім жасасқысы келеді. Алдымен олар Гонконгпен гуманистік жолмен жұмыс жасассын!» -деп жазды Трамп.

Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео наразылық акцияларын «ақылға сыйымды» деп есептейтінін айтқаннан кейін, ҚХР сыртқы істер министрі Хуа Чуньин бұл ереуілді АҚШ ұйымдастырғанына күдіктенетінін мәлімдеген еді.

Еске салсақ 11 мамырда Гонконг қаласында мыңдаған адам шеруге шыққан. Шерудің себебі, сәуір айында Гонконгта қылмыс жасап, ұсталғандарды Қытайға жеткізу және сонда жаза тағайындауды қарастыратын заң жобасы талқылана бастаған. Қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заң жобасы осылайша елдегі ірі қақтығыстарға себеп болды. Шеруден кейін заң қабылдау белгісіз уақытқа шегерілген. Алайда Гонконг тұрғындарының қауіпі сейілген жоқ. 5 тамыз күні Гонконг халқы қайтадан ереуілге шыққан еді. Шеруге жарты миллионға жуық адам қатысты.

Айта кетейік, Бұрынғы Ұлыбритания отары болған Гонконг 1997 жылдан бері Қытайға қарасты. Алайда «бір мемлекет, екі жүйе» принципімен жұмыс істейді. Бұл дегеніміз Гонконгтың өз дербес заңдары мен Қытайдан бөлек сот жүйесі бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.