Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды.
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны ҚР Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі және 125-бабының 2-бөлігінің 1 және 8-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп тануды, оның мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сот осы үкімдердің бәрін ескере отырып үкім шығарды.
Айта кетсек, бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлген қаржыны жымқырды, рейдерлік және адамды ұрлап әкету бойынша айып тағылғаны айтылған еді.