Әлеуметтік желілерде сотталушы Бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылуда. Осыған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсініктеме берді.
«Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін «Балқыту» ЖШС директоры У. Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.
Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады.
«Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды. Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды», – делінген хабарламада.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024