Бұл туралы жексенбі күні Харьков прокуратурасының басшысы Александр Фильчаков неміс депутаты Маркус Фабер және Украинаның «Слуга Народа» партиясының депутаттары Виктор Кинзбург, Александр Бакумовпен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, соғыс басталғалы Харьков пен Харьков облысында 1000 астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.
«Жаулаушы елдің Харьков облысындағы әрекеті – азаматтық жұртшылыққа жасалған нағыз террор»,-деді прокурор.
Сонымен қатар ол қаза тапқандар ішінде 50 бала барын айтты, оған қоса 2 мыңнан астам адам жарақат алған.
Қаланы атқылау кезінде 7 мыңнан астам нысан қираған. Оның ішінде 2800 көпқабатты нысан, 1800 тұрғын үй, 500 астам білім беру мекемесі мен 150 аурухана бар. Ресейлік әскерилер қаланы күнделікті атқылап жатыр.