Ингушетияның Малгобек ауданында күштік құрылымдар мен белгісіз топ арасында атыс болды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, атыс кезінде полицияның үш қызметкері қаза тауып, сегізі жарақат алғаны айтылады.
«Интерфакс» агенттігінің мәліметінше, күштік құрылымдар бұған дейін қарулы атыстарға қатысы бар деген күдіктілерді ұстамақ болған.