Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды. Оған «Ұлыбританияға тыңшылық жасады» және «сол үшін сыйақы алды» деген айып айыпталған, деп жазды Zakon.kz.
Әли-Реза Әкбарда Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған. Оның дарға асылғаны туралы BBC сайты Ирандағы мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлаған.
Әли-Реза Әкбар 2019 жылдан бері қамауда отырған. Оған «Британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды» деген айып тағылған. BBC-дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған.
Ұлыбритания премьер-министрі, сыртқы істер министрі де мұны жабайы режимнің әрекеті деп бағалап, істің саясиланғанын айтқан. Франция билігі де Иранның бұл әрекетін айыптаған.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024