arasha.kz

Ирандық ерлі-зайыптылар би билегені үшін 10 жылға сотталды

Тегерандағы алаңда билеген ерлі-зайыптылар он жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Билік оларды жезөкшелікке шақырды деп айыптады.

21 жастағы Астия Хагиги мен 22 жастағы Мохаммад Ахмади Ирандағы наразылық акциясын қолдап би биледі, деп жазады Mirror.

Zakon.kz-тің жазуынша, бостандыққа шыққаннан кейін жастарға екі жыл бойы Ираннан көшуге тыйым салынды. Интернетті пайдаланып, әлеуметтік желілерді жүргізуге тыйым салынды.

Оларға сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында алдын ала сөз байласу жасады деген айып тағылып отыр.

Exit mobile version