Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әскери әлеуеті төмендеді деп мәлімдеді.
«Ресейдің Иранға қол жаюының өзі Кремлдің әскери-саяси тығырыққа тірелгенін көрсетеді. Ондаған жылдар бойы олар өздерінің әскери-өнеркәсіптік кешеніне миллиардтаған доллар жұмсады және соңында қарапайым дрондар мен зымырандарды алу үшін Тегеранға бас иді», – деді Зеленский халыққа жасаған бейнеүндеуінде.
Сонымен қатар ол ирандық қару-жарақ Ресей басшылығының Украинадағы жоспарын іске асыруға көмектесе алмайтынын жеткізді.
«Бұл қарулар стратегиялық болсын, басқа жағынан болсын түк көмектесе алмайды. Бірақ террористерде қандайда бір үміт пайда болуы мүмкін. Дегенмен оның барлығы бұған дейінгі есептері сияқты күл-талқаны шығады», – деді ол.
Сөз арасында Зеленский ел тұрғындарын электр энергиясын аз тұтынуға шақырды. Бұған дейін Украина президенті 10 қазанда ресейліктердің бомбамен атқылауы салдарынан елдегі электр станцияларының үштен бірі істен шыққанын міәлімдеген.
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
20.11.2024
-
19.11.2024