arasha.kz

Ішімдік ішкен көлік жүргізушілеріне қатысты заң қатаңдатылады – Тоқаев

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы мен мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты заңды қатайту керектігін  өзінің желідегі парақшасында айтты.

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» – дейді мемлекет басшысы өзінің туиттер парақшасында.

Сонымен бірге ел басшысы табиғат қаскөйлері броконьерлердің де қылмыстары азаймай тұрғанын айтып, жаза қолдану керектігін айтты.

«Браконьерлер табиғат байлығы – киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек» – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы.

Exit mobile version