Бүгін ҚР Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия алаңында IT-технологиялар және бизнес саласындағы кәсіпкерлермен кездесу-тұсаукесер өтті.
Іс-шараны ұйымдастыру бойынша Ұлттық комиссияның серіктесі «TECHNOWOMEN» қоғамдық бірлестігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болды.
Кездесуді Ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева өткізді.
Іс-шараға кәсіпкер әйелдер, ІТ-жобалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында әйелдердің цифрлық экономикадағы мүмкіндіктерін дамыту және әйелдер мен балалар үшін әлеуметтік маңызы бар IT-жобаларды практикаға енгізу мәселелері пысықталды.
Тұсаукесерге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде А. Балаева Ұлттық комиссия цифрлық саласында ынтымақтастық туғызу және таланттарды қолдауға мүмкіндіктерді ілгерілетудегі өз міндетін көріп отырғанын атап өтті.
«Бұл жұмыстың басты басымдықтары – серіктестік үшін жағдайларды кеңейту, құнды таланттарды анықтау және әйелдер бастамаларының экономикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу. Бұл кездесу – осы мәселелерді шешудегі кезекті қадам» – деді ұлттық комиссия төрағасы.
Кездесу екі жұмыс сессиясының аясында өтті.
Бірінші сессия барысында заңнамалық практиканы жетілдіру және сектораралық ынтымақтастықты институционалдық нығайту жөніндегі бірқатар бастамалар көтерілді.
Сессияның арнайы қонағы Қазақстандағы Google Women Techmakers бағдарламасының амбассадоры Жарқын Щеглова болды.
Осы алаңда спикерлер ретінде «Цифрлық трансформация» ҚҚ басшысы, TechnoWomen Президенті Азиза Шужеева, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Бас директоры Бикеш Құрманғалиева, Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева, «Договор24» кампаниясының бас директоры Елена Седых, «Қазпошта» АҚ трансформациялау және жобалық басқару департаментінің директоры Елена Чекаева сөз сөйледі.
Екінші сессия аясында қоғамдық маңызы бар түрлі мәселелерді шешуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды.
Соның ішінде, онлайн-білім беруді кеңейту, педагогтардың біліктілігін арттыру және мектептерді цифрландыру, жастарды жыныстық тәрбиелеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ онкологиялық ауруларды анықтау және жүктілік пен босану кезінде әйелдерді онлайн-қолдау бойынша идеялар ұсынылды.
Кездесудің негізгі қорытындысы әлеуметтік әріптестік мүмкіндіктерін нығайту және мемлекеттік құрылымдар, ұлттық компаниялар мен IT-кәсіпкерлік саласының өкілдері арасында тұрақты байланыс жүйесін қалыптастыру болды.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024