07-02-23 |
1070 рет қаралған
Экс-министр Аймағамбетов жаңа қызметке орналасты.
Экс-министр Аймағамбетов жаңа қызметке орналасты

Асхат Аймағамбетов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде оқытушы болды. Бүгіннен бастап ол дәріс оқиды.

Университет бұрынғы білім министрінің олардың ұсынысын неліктен қабылдағанын түсіндірді.

«Асхат Аймағамбетов өз тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісу мақсатында ұсынысымызды қабылдады. Оның келуі студенттердің білім сапасын да, тұлғалық дамуын да арттыратынына сенімдіміз», – деді М.С Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оның түрлі ұсыныстары мен тиісті жоспарлары бар.

«Мен бұл туралы жақын арада айтамын. Бірақ ұстаздық жұмысты кез келген жұмыспен біріктіруге болады, сондықтан мен онымен қатар оқу-тәрбие жұмысын жалғастырамын», – деді ол.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.