arasha.kz

Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сейсенбіге қараған түні Қазақстан астанасына ресми сапармен келді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанаға түнде келді», – деді Смадияров.

Блинкен қазір Сыртқы істер министрлігіне келіп, ведомство басшысы Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізеді.

Кездесу БАҚ үшін жабық есік жағдайында өтеді.

Бұған дейін хабарланғандай, түстен кейін Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді.

Exit mobile version