13-06-23 |
1260 рет қаралған
Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі.
Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет кулуарында Абай облысындағы өртке қатысты тергеу үш нұсқаны қарастырып жатқанын айтты, деп жазды Zakon.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері министрден билік қай нұсқаға көбірек мән беріп отырғанын сұрады.

«Тергеу жүріп жатыр, әдейі өрт қою нұсқасы бар. Істі арнайы прокурорлар қарайды. Бұл топта Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар, көреміз. Әдейі өрт қою, ұқыпсыздық, найзағай түсу нұсқалары бар. Сараптамалық және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді», – деп жауап берді Марат Ахметжанов.

БАҚ өкілдері «Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіліп жатқан жоқ па?» деп сұрады.

«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай, адамдар қайтыс болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбаған, немқұрайлылық болуы мүмкін. Қызметтік міндеттерін орындамау», – деді ол.

10 маусымда Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.