arasha.kz

Көк-Төбеде шыққан өрттен қаза тапқан адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр – полиция

@Леонид Рассказов

Алматы полицейлері Көк-Төбеде шыққан өрттен қаза тапқан адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Алматы полицейлері сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрі аясында төтенше жағдайдан қаза тапқан адамның аты-жөні мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», – делінген полицейлердің хабарламасында.


Ведомство мәліметінше, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.


Еске салайық, кеше Көк-Төбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді. «Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ», – деп жазған болатын қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.

Дереккөз: tengrinews.kz

Exit mobile version