Карантинде Қазақстанда эмиграция баяулады, елден кететіндердің саны үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 12% азайып отыр. finprom.kz сайтының жазуынша елге келушілердің саны керісінше 34%-ға артыпты.
2020 ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында елден 7,3 мың адам кеткен. Ол өткен жылдың осы кезеңінен 12,1% аз (8,4 мың). Адамдардың елден кетпеуінің негізгі себебі COVID-19 вирусының таралуына байланысты карантин шаралары. Десе де елге қоныс аударғандардың саны өткен жылдың осы уақытымен салстырғанда 34,4% көп, және ол 4,3 мың адамды құрап отыр.
2019 жылы елден 45,2 мың адам эмиграцияланған, ал елге келушілер 12,3 мыңды құрап отыр. Елден қоныс аударып кеткен адамдардың көбі еңбекке жарамды азаматтар болған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024