Біз
әлеуметтік
желіде
02-07-25 |
330 рет қаралған
Қазақстан ОПЕК+ келісімін тағы бұзды – Reuters.
Қазақстан ОПЕК+ келісімін тағы бұзды – Reuters

Маусым айында Қазақстан тағы да ОПЕК+ альянсындағы міндеттемелерін бұзып, мұнай өндіру көлемін белгіленген квотадан асырып жіберді. Бұл туралы халықаралық Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, Chevron компаниясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы тәуліктік мұнай өндіру көлемі 1,88 миллион баррельге жеткен. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 7,5%-ға көп, сондай-ақ Қазақстанға бекітілген 1,5 миллион баррельдік лимиттен едәуір жоғары.

Мұндай күрт өсімге негізінен елдегі ең ірі мұнай кен орны – Теңіз себеп болған. Онда өндіріс көлемі 813,2 мыңнан 953 мың баррельге дейін артқан. Chevron мұны кен орындағы өндіріс қуатын арттыруға бағытталған кең ауқымды бағдарламамен байланыстырады.

Жалпы алғанда, Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын қоса есептегенде өндіріс көлемі тәулігіне 2,15 миллион баррельге жетіп, өткен айдағы 2,02 миллионнан асып түсті.

Reuters агенттігіне сілтеме жасаған дереккөздер бұл жағдайдың ОПЕК+ мүшелері арасында наразылық туғызып отырғанын атап өтті. Бұған дейін де картель Қазақстанға мұнай өндіру квоталарын жүйелі түрде бұзып жүргені үшін бірнеше мәрте ескерту жасаған болатын.

Тағы оқыңыз: Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

ОПЕК+ жетекшісі Сауд Арабиясы бұған жауап ретінде әлемдік нарықтағы мұнай бағасын әдейі түсіріп жіберген. Ал мұндай баға құлдырауы Қазақстан экономикасына айтарлықтай қысым түсіреді, себебі елдің негізгі табысы мұнай экспортымен тікелей байланысты.

Мамандар мұндай қадамдар елдің ОПЕК+ ішіндегі беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертеді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.