Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтарып, Отанында жерлеу Әділетті Қазақстанда тағы бір тарихи әділдікті қалпына келтіруге ықпал етеді. Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында осыған қатысты Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл депутаттық сауал жолдады.
Мәскеудің кеудесі басыла бастаған шақта көптеп, көлемдеп, осыған қол жеткізіп алсақ, бұл бабалар рухын ардақтап, ел рухын көтеруге бағытталған тарихи қадам болар еді, дейді депутат.
Оның айтуынша, қазақтың соңғы ханы, Жошы ханның ұрпағы, атақты Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының (1802-1847) туғанына 220 жыл толды. Ол қазақтың үш жүзінің Ұлы ханы (1841-1847), батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс — қазақтардың отаршылдыққа қарсы бағытталған жаппай бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі. Оны патша үкіметі де жеңе алмады. Кенесары хан қапыда қаза тапқан соң, Қазақ хандығы да жойылды.
«Хан Кене аз уақытқа болса да, барлық үш жүзді біріктіріп, хандықты, яғни қазақтың мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Көптеген зерттеуші елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтірудегі Кенесарының ерекше рөлін атап өтті. Оған патша әкімшілігінің өкілдері де құрметпен қарап, оны «Қазақ даласының Митридаты», «ержүрек батыр» деп атаған, – дейді Б.Смағұлов.
Кенесары Қасымұлының ұлағатты өмірі, жанқиярлық ерлігі, елге адал қызметі үлгісінде қазақ батырларының бірнеше ұрпағы, XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшылары тәрбиеленді».
«Қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы Мәскеуде этнографиялық мұражайда уақытша сақтауда тұр. 2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екені (сәйкестік 90%-дан жоғары) анықталды. Құрметті Әлихан Асханұлы, Кенесары ханның туғанына 220 жыл және Ұлы ханымыз бастаған көтеріліске 185 жыл толуын, мұның ұлттық тарихтағы маңызды орнын ескере отырып, сонымен қатар Әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Сізден Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын», – деді депутат.
Сонымен қатар ол Хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынды. Бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына ықпал етері сөзсіз.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024