arasha.kz

Кезектен тыс президент сайлауын өткізудің артында биліктің сенімсіздігі тұр

Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізудің артында қазіргі билікті сенімсіздігі жатыр. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтбаев айтты.

«Бір жағынан кезектен тыс президент сайлауын өткізудің арғы жағында мемлекет басшысы мен оның айналасындағылардың саяси сенімсіздігі тұр. Олар елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісіп кетуінен қорқады. Оның ішінде үкімет пен мемлекеттік аппараттың тиімсіз дәстүрлі әдісінен сескенеді. Оның үстіне элита ішіндегі топтар әсер етуі де мүмкін, олар 2024 және 2025 жылдарға қарай оппозиция ретінде шығуы әбден мүмкін. Сондықтан темір қызып тұрған сәтінде соғуды жөн көрді», – дейді саясаттанушы.

Сәсбаев екінші жағынан, кезектен тыс президенттік сайлау президент пен оның төңірегіндегілердің сенімділігін байқатады, билікті алу – жұмыстың жартысы ғана болды, деген ойда.

«Бастысы оны бар пәрменімен ұстап қалу. Бұл жерде Тоқаев Назарбаевтан еш айырмашылығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы әуенге қайта басады. Ең бастысы мұның бәрі елдің астына қойылған жарылғыш іспетті. Ол бір кездері элита ішілік қақтығыстармен тұрақсызданған, өйткені қоғамдық сайлау және бәсекелестік жоқ жердегі билік үшін кез келген күрес тек элита ішіндегі өмір сүру үшін күреске айналады, мұнда барлық құралдар жақсы», – деді ол.

Exit mobile version