Ресей әскері Ираннан алынған дрон арқылы, Киев және Украинаның солтүстіктегі облыстарына әуеден шабуыл жасауға кірісті, деп жазды inbusiness.kz.
Украинаның Әуе күштерінің баспасөз хатшысы, оның Беларусь тарапынан ұшырылғанын хабарлады.
Киевте 5 жарылыс болған. Бір ұшқышсыз техника тұрғын үйге түсті. Салдарынан 3 бейбіт тұрғын жан тапсырды.
Олар сәби күтіп жүрген жас жұбайлар болып шықты. Келіншектің құрсағында 6 айлық бала болған. Кешелі бері Ресей әскері, Днепропетровск, Сумск облыстарындағы инфрақұрылымдар мен әкімшілік және тұрғын үй кешендерін атқылаған.