arasha.kz

Көкшетаудағы көшелердің 98 пайызы қазақшаланды

Ақын Алмас Темірбай әлеуметтік желіде Көшетаудағы көшелердің 98 пайызы қазақшаланғанын жазып, сүйінші сұрады.

Оның айтуынша, бүгін Көкшетау қалалық әкімдігінде қала депутаттары мен жұртшылық кездесуі өтіп, қаладағы 21 көше қазақшаланған.

«Соңғы он жылда қала кең, ұзын көшелерінің барлығы дерлік ауыстырылған еді. Бүгін ауыстырылған көшелер – қалған-құтқан шолақ көшелер, 140 метрлік, 461 метрлік, 1257 метрлік көшелер. Лайықты тұлғалар бар, бірақ, атын беруге көше жоқ. Басқа ұлт өкілдерінің атындағылардан қалғандары – Пушкин, Гете, Мұса Жәлел секілді әлем классиктері.
Енді «Көкшетау – Қазақстандағы көшелері толық қазақшаланған нөмер 1-ші қала» деп нық сеніммен айтуға болады!», – деп жазды ол.

Қазақша атау берілген көшелер тізімі:

1). «Алаш арыстары» саябағы («Парк борцам за революцию») саябағы
2). Жақып Омаров саябағы (Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры алаңындағы саябақ)
3). Кәкімбек Салықов атындағы жағалау (Н.Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауы)
4). Таң самалы көшесі (2 горная көшесі)
5) Ізгілік көшесі (Адам Мицкеевич көшесі)
6). Алматы көшесі – Алма-Атинская көшесі (Транскрипцияны нақтылау мақсатында )
7). Күйші Дәулеткерей көшесі (Дмитриев көшесі)
8) Керуен көшесі – (Кирветка көшесі)
9). Ғарышкерлер көшесі (Космонавтар көшесі)
10). Айыртау көшесі (Литвинов көшесі)
11). Қосман Айтмұхаметов көшесі
(Т.Сүлейменов көшесінен бастап, Н.Назарбаев даңғылына дейінгі аралықтағы көше)
12). Үркер көшесі (Н.Добролюбов көшесі)
13). Көне Ботай көшесі (Никитин көшесі)
14). Шабыт көшесі (Свердлов көшесі)
15). Асу көшесі (Сопочная көшесі) 16). Тіршілік көшесі (Узкая колея көшесі)
17). Гүлдер көшесі (Цветочная көшесі)
18). Сергей Дьяченко көшесі (Челюскин көшесі)
19). Байқоныс көшесі – (Шучинская көшесі)
20). Камали Мырзахметов көшесі
(Дзержинский көшесі)
21) Жанатай батыр Ақанұлы көшесі (С.Лазо көшесі).

Exit mobile version