Бас көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясындағы заң бұзушылықтарды тексеруге кірісті.
Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Кәсіпкерлер палатасының мәліметіне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 тасымалдаушы мен экспедитор арасында үлгілік келісімшарт жасасу туралы бұйрығы орындалмай отыр. Нормативтік құқықтық актілердің нормаларын елемеуіне байланысты экспедиторлар қосымша қойылған шарттармен келісімшарттарға қол қоюға мәжбүр болған.
Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы конвенциялық тыйым салуды енгізу жолымен бәсекелестікке қарама-қайшы әрекет жасаған. 2022 жылдың мамырында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алтынкөл және Алтынкөл-экс станцияларына тағайындалған бос жеке фитингтік платформаларды қабылдауға мерзімсіз конвенциялық тыйым салды. Тыйым барлық жүк алушыға салынды. Алайда бұл тыйым ҚТЖ – ның еншілес тәуелді компаниялары – «ОТЛК ЕРА» АҚ, «KTZ Express» АҚ және «Кедентранссервис» АҚ-на қолданылмады.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024