arasha.kz

Көлгінов: Босаңсып кетсек қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз мүмкін

Фото:Sputnik. Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов тұрғындардың тым босаңсып кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде жазба қалтырды. Ол қала тұрғандары тәртіпке бағынбаса қатаң режимдегі карантин қайта енгізілетінін ескертті.

«Бүгін қаламыздың қос жағалауын жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағаладым.

Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.

Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын», -дейді Алтай Көлгінов.

Exit mobile version