arasha.kz

Коронавирус: Алматы сары аймаққа өтті

Алматы коронавирусқа байланысты эпидемиоогиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ербан Байтанаев хабарлады.

Бұған дейін  елдегі COVID-19 көрсеткіштерінің артуын ескере отырып, республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің “сары” аймағына көшкен жағдайда төмендегі қосымша шараларды қабылдау керектігі туралы шешім қабылдаған:

– Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

– СOVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

– Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

-10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Exit mobile version