09-04-20 |
1670 рет қаралған
Коронавируске қарсы вакцина туралы ғалымдар не дейді?.
Коронавируске қарсы вакцина туралы ғалымдар не дейді?

 

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кірісті. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

Институтта барлығы 4 кандидаттық вакцина әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2-і векторлық және вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде 2-і суббірліктік.

Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан кейін олардың ішінен ең тиімді және қауіпсізі таңдалып алынады.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары биологиялық қауіпсіздігі 3-деңгейлі BSL-3 зертханаларында нақты SARS-CoV-2 коронавирус штаммдарымен жұмыс атқаруда.

Вакцинаны әзірлеу тәулік бойы жүргізілуде.

Институт – Қазақстан Республикасындағы медициналық иммунобиологиялық препараттарды дайындау, сынау және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеудің отандық технологияларын әзірлеу жөніндегі міндеттерді шешетін жалғыз мемлекеттік ұйым.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ДДСҰ денсаулық сақтау саласына арналған аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу жөнінде шарт жасасқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қазіргі уақытта бірнеше мемлекет 54 кандидат вакцина әзірлеуде. Олардың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне әзірге екеуі ғана өткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.