Атырауда «Қамал-Крепость» қауіпсіздік қызметі» ЖШС директоры жұмысшыларының жалақысын иемденіп, жаза алды, деп жазды АқЖайық басылымы.
Қылмыстық істің мәні мынада: өткен жылы серіктестікке 58 жергілікті тұрғын күзетші ретінде қабылданған, олардың міндеттеріне көлік нысандарын күзету кірген. Алайда, бір айдан соң, содан кейін екі ай өтсе де, адал жолмен тапқан ақшаларын ала алмаған. ЖШС директорының жұмысшылар алдындағы қарызы 9 миллион теңгеден астамды құраған.
Атырау көлік прокуратурасы прокурорының орынбасары Саят СЕЙІТЖАННЫҢ ақпараты бойынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Атырау қалалық сотының үкімімен зардап шегушілерге келтірілген залалды міндетті түрде өтеумен қатар 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. «Қамал-Крепост» директоры сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Үкім заңды күшіне енді.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024
-
13.11.2024