Алматыда күзетшінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. «Меркур Тауерс» тұрғын үй кешенінде аса ауыр қылмыс орын алды.
Полицейлер оқиға орнына жеткен соң күдікті ер адам қашып кетпек болған, содан кейін 14-қабаттағы үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болған.
Тәртіп сақшылары бұған рұқсат бермей, ұстады.
Айта кетейік, заңсыз қасақана басқа адамның өліміне әкеп соққаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.