ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып тұрған заманы. Әсіресе әлеуметтік желілердің ауқымы күн санап кеңеюде. Сәйкесінше сан түрлі әлеуметтік желілер пайда болып, қолданушылардың саны жылдан-жылға артуда.
Әлеуметтік желі – қарым-қатынасқа, ақпарат және басқа да әлеуметтік өзара әрекеттесуге арналған интернет-платформалар. Олар жұмыс, демалыс және ойын-сауық үшін пайдаланылады, адамдар тобына бір-бірімен үйлестіруге және кең ауқымды функцияларға ие болуға мүмкіндік береді. Әрбір әлеуметтік желінің белгілі атқаратын міндеті мен өзіндік ерекшелігі бар. Сәйкесінше қолданушылар саны мен жасы да әртүрлі.
Facebook – Марк Цукерберг 2004 жылы құрды және тез арада үлкен танымалдылыққа ие болған әлеуметтік желі. Бүгінгі таңда аудиториясы 2 миллиардтан астам адамды құрайды, яғни әлем халқының төрттен бірінен астамы. Сайтты әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар пайдаланады.
Twitter – бастапқыда аудиториямен қысқа хабарламаларды бөлісуге мүмкіндік беретін қызмет ретінде пайда болды. Бүгінде жастармен қатар белгілі саясаткерлер де қолданады.
Instagram – 2010 жылы іске қосылған және суреттерге бағытталған салыстырмалы түрде жас әлеуметтік желі. 2012 жылы оны Facebook сатып алды. Бүгінгі таңда сайттың басты тақырыбы – сән, сұлулық, саяхат, визуалды контентке қатысты барлық дүние қамтылған. Инстаграмның өте кең мүмкіндіктері бар, табыс көзін табуға да мүмкіндік көп.
Жоғарыда аталған әлеуметтік желілердің барлығы сайып келгенде ақпарат жөнелтудің, жарнама таратудың негізгі көзі. Дегенмен, әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат толық расталған, шындық деуден аулақпын. Жүз пайыз сенімді емес ақпараттың жариялануы мемлекетке, әлдекімнің жеке өміріне нұқсан келтіретіндігін естен шығармағанымыз абзал. Сайып келгенде бұл бей-жай қарайтын дүние емес. Заң алдында жауап беретінін назардан тыс қалдырмау керек. Жүз пайыз сенімді ақпаратты жариялауды, таратуды қолға алатын өзіміз. Дәл сол секілді сіз бен біз көріп, куә болып жүрген артықшылығы мен тиімді тұстары қаншама?! Әлеуметтік желілерде көрнекі компонент маңызды рөл атқарады. Егер Facebook-те мәтін маңызды болса, VКонтакте-де мәтін мен фотосуреттер бірдей маңызды, ал Instagram-да нашар фотосурет тіпті ең керемет мәтінді оңай бұзады. Мағыналары өте маңызды.
Суреттер назар аударғанымен, бір фото алысқа бармайды. Қазір контентмейкерлер көп, аудиторияны баурап алу оңай емес. Әдемі фотосурет «лайк» жинауға көмектеседі, бірақ шынайы оқиға немесе пайдалы ақпарат жазылушының жадында әлдеқайда ұзақ сақталады және сізбен қарым-қатынасқа көбірек қатысады. Мысалы, визажист әдемі макияжбен фотосуретін аваға жүктейтін болса бұл оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасына қызығып, тіркелетін оқырмандардың санын арттыруға септігін тигізеді. Әлеуметтік желілерді пайдалану қарқыны әртүрлі. Жүргізілген зерттеулерге сүйенер болсақ, 46,0% адам – отбасымен және достарымен хабарласу, бос уақыт өткізу – 35,4%, жаңалық пен оқиға оқу – 34,6%, әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу – 28,7%, пікір бөлісу мен қолданушылармен оны талқылау – 23,9%-ды құрады.
2022 жыл, ІІІ-тоқсан | млн қолданушы
Ең көп кірілген әлеуметтік желі | Саны |
1. Facebook | 2934 |
2. Youtube | 2515 |
3. WhatsApp | 2000 |
4. Instagram | 1386 |
5. Wechat | 1299 |
6. Tik Tok | 1000 |
Ең көп кірілген әлеуметтік желі | Саны |
1. Facebook | 2934 |
2. Youtube | 2515 |
3. WhatsApp | 2000 |
4. Instagram | 1386 |
5. Wechat | 1299 |
6. Tik Tok | 1000 |
Сөз соңында айтарым, әлеуметтік желілердің аудиториясы үнемі артып келеді. Әлеуметтік желілердің пайдалы тұсын іске жаратып, жалған ақпараттың таралуына тосқауыл бола білейік. Керісінше, мемлекет, қоғам үшін маңызы бар сенімді ақпараттарды жариялап, жастарға үлгі-өнеге беретін дүниелерді әлеуметтік желілер арқылы насихаттауымыз тиіс.
Ділназ Нариман
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024