Қытай басқа мемлекеттердің мүддесіне қарсы шықпайды деп отыр Жалпықытайлық халықтық жиын комитеті төрағасы Ли Чжаньшу Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері парламент пикерлерінің IV жиынында.
«Қытайлықтар адалдық пен әділеттілікті ұстанатын халық болғандықтан өз дамуын әлемдегі басқа елдермен тығыз байланыстырады. Қытай ешқашан қара басының қамы үшін басқалардың мүддесіне, әсіресе көршісінің мүддесіне нұқсан келтірмейді», -деді Ли Чжаньшу.