Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол өз орнына кандидат келгенге дейін премьер-министр қызметін жалғастырады, деп жазды Еuronews.
«Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министрді сайлау келесі аптада өтеді. Британ оппозициясының жетекшісі, лейбористер партиясының төрағасы Кир Стармер елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігін тағы да айтты», – деп жазады басылым.
Еске салайық, 47 жастағы Л.Трасс Тори партиясының қайраткері. Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына биылғы қыркүйек айының басында ғана сайланған болатын.
18 қазан күні ғана Ұлыбритания премьер-министрі өз қызметінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, алайда, билеуші Консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартқан еді, деп жазды ҚазАқпарат.
Фото: static.independent.co.uk