arasha.kz

Лиз Трасс Ұлыбритания премьері болды

Лиз Трасс консервативті партияны басқарып, Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды.

47 жастағы Лиз салықты төмендетуді жақтаушы, оған қоса қорғаныс өндірісінің шығынын және газ бағасын өсіруге қарсы.

Оксфордта философия, саясат пен экономиканы меңгерген Трасс анағұрлым либеральды көзқараста, мәселен марихуананы заңдастыруды қолдап, монархияны жоюды қалайды.

Оған қоса Лиз Трасстің министрліктегі тәжірибесі де мол: ол қоршаған ортаны қорғау министрі, Әділет министрі, сыртқы сауда министрі, әйелдер мен теңдік министрі, ал 2021 жылдан бері сыртқы істер министрі болды.

Exit mobile version