21-05-21 |
1400 рет қаралған
Людмила Бюрабекова қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде шақырылды.
Людмила Бюрабекова қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде шақырылды

Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Людмила Бюрабекова «СҚ-Фармация» ұйымының экс-басшысы Берік Шәріптің ісіне қатысты куәгер ретінде жауап берді.

Прокурор Дастан Күпербаев «СҚ-Фармацияның» экс-басшысының жауапсыздығынан 2000 дәрігер коронавирус жұқтырған деп айыптады. Өйткені ұйым дер кезінде мамандарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етпеген. 

Экс-вице-министр Людмила Бюрабекованың сөзінше, қорғаныс костюмдері мен басқа да құралдар дәрігерлерді 100% коронавирустан қорғайды дегенді білдірмейді.
«Өкінішке орай, қорғаныс киімдері болса да, дәрігерлер коронавирус жұқтыруда, жұқтырған және алдағы уақытта жұқтыра алады. Бұл вирустың қауіптілігіне және костюмнің өткізгіштігіне байланысты. Мысалы, біз қажетті құралдармен қамтамасыз етілген дәрігерлерді көрдік, десек те олардың костюмдерді дұрыс утилизациядан өткізбеуінен, ауруға шалдыққандары да болды. Менің білуімше, медицина қызметкерлері қазір де коронавирус жұқтырып жатыр», – деді Бюрабекова.
Айта кетсек, бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрқан Садуақасов та осы іске қатысты куәгер ретінде жауап берген еді. Оның айтуынша, дәрігерлердің коронавирус жұқтыруына жергілікті билік өкілдерінің денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп жұмыс атқармауы себеп болған. Бұған қоса, қорғаныс костюмдерін дұрыс пайдаланбау және утилизациядан өткізбеу де ақ халаттылардың жаппай ауруға шалдығуына алып келген.
14 мамырда куәгерлік еткен «INKAR» ұйымының директоры Әлия Ерімбетова мекемеге тиесілі қоймаларда қажеті дүниенің барлығы болғанын, алайда аурухана басшылығы өздері алғызбағанын алға тартты. Сондықтан да Берік Шәріпке тағылған айып негізсіз.
Алдағы уақытта денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтан да бұл іске қатысты куәгер ретінде жауап алынады. Қазір ол үйқамақта жатыр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.