17-10-22 |
1120 рет қаралған
Әлтаевті президенттікке кандидат ретінде ұсыну хаттамасын сот жарамсыз деп таныды.
Әлтаевті президенттікке кандидат ретінде ұсыну хаттамасын сот жарамсыз деп таныды

Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды. Бұл туралы Астана қалалық сотының ресми сайты жазды.

«Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының соты республикалық қоғамдық бірлестіктің (РҚБ) жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талапкерлер өз талаптарын 2022 жылғы 6 қазандағы РҚБ жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен бірлестік мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, ҚР Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә.-нің кандидатурасын беруге ниеттеніп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жібергеніне негіздеді.

Жауапкер талаппен келіспеді және талапкердің дәлелдеріне қарамастан, РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көпшілік дауыспен Ә.-ні РҚБ атынан ұсыну туралы шешім қабылданды деп өз ұстанымын талап етті», – деп жазылған ресми мәліметте.

Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, республикалық қоғамдық бірлестік атынан президенттікке кандидат ұсыну кезінде бірлестіктің Жарғысына қайшы әрекеттер жасалған.

«Жарғының 33-тармағына сәйкес барлық шешімдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

Жарғының 31-тармағында, егер оның жұмысына бірлестіктің өңірлік филиалдарының (өкілдіктерінің) жартысынан астамының өкілдері қатысса және жиналысқа қатысушылардың жалпы саны кемінде 40 адамды құраса, жалпы жиналыс заңды деп танылады.

Сотта жалпы жиналыста Ә-нің кандидатурасын ұсынуға – 6 адам, қарсы – 11 адам дауыс бергені анықталды.

Осылайша, жалпы жиналысты өткізу кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауында РҚБ атынан кандидат ретінде Ә-нің ұсынылуына «қарсы» дауыс берді.

Сот жалпы жиналыс хаттамасы РҚБ Жарғысының 31 және 33-тармақтарының талаптарына қайшы келеді және шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар, жалпы жиналысқа РҚБ мүшелері болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ адамдар қатысты және дауыс берді», – деп жазады Астана сотының сайты.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.