04-10-22 |
1030 рет қаралған
Лукашенко Беларусь әскерінің Украинадағы соғысқа қатысы барын растады.
Лукашенко Беларусь әскерінің Украинадағы соғысқа қатысы барын растады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы соғысқа әскерлерінің қатысы жайлы айтты.

«Украинадағы арнайы әскери операцияға қатысуымызға келсек, біз сонда қатысып жатырмыз. Біз оны жасырмаймыз. Бірақ біз ешкімді өлтіріп жатқан жоқпыз. Біз әскерімізді ешқайда жібермейміз. Біз өз міндеттерімізді бұзып жатқан жоқпыз», – деді Лукашенко әскери қауіпсіздік жөніндегі жиында.

Оның айтуынша, Беларусь әскерилері шиеленістің одан әрі таралуына жол бермеудің алдын алып отыр, әсіресе Польша, Литва және Латвия тарапынан арнайы әскери операция аясында Беларусь жеріне соққы жасатпау.

«Бұған дейін айтқанымдай, орыстардың артынан Беларусь территориясынан ешкім оқ ата алмайды. Міне, біздің қатысымыз», – деді Лукашенко.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.