Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында білім және ғылым министрі мұғалімдердің жалақысына біліктілігіне қарай үстемақы төленетіні айтты.
– Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 205 мың (67%) мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді. Және биыл педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақыны қарастырады. Аттестаттауға мамыр айында 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Олар 63%-ды құрады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді» – деді Ерлан Сағадиев.
Сондай-ақ, министр жаңа IT лицейлер ашу жоспарланып жатқанын, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдар робото-техника, бағдарламалау, 3D-принтинг кластарын ашқан. Қазір 1500 мектепте осындай кластар бар екенін хабарлады.
Және биыл 4,9,10 сыныптарда апробация басталса, 3,6,8 сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқиды. Ал, информатика пәні биыл 3 сыныптан келесі жылдары 1 сыныптан бастап енгізілмек.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024