12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі жігіт жеткізілген. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды, деп хабарлайды Рolisia.kz Telegram-арнасы.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармақшасы («Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу») бойынша тіркелген.